Оферта
АҚЫЛЫ БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТТЕРІН КӨРСЕТУ ТУРАЛЫ ЖАРИЯЛЫ ОФЕРТА КЕЛІСІМ-ШАРТЫ
Алматы қаласы
Бұл келісім заңды және жеке (бұдан әрі – «Тұтынушы» деп аталатын) тұлғаларға арналған. Қызметтерді (бұдан әрі «Орындаушы» деп аталатын) Жеке Кәсіпкер Қошқарбаев Берік Ділдәбекұлы көрсетеді. Бұдан әрі «Тараптар» деп аталатын Тұтынушы және Орындаушы осы Келісім-шартты (бұдан әрі – «Келісім-шарт») келесідей жасасты:
1. Терминдер мен анықтамалар.
1.1. Осы жариялы Офертада келесі терминдер келесі мағынада пайдаланылады:
1.1.1. Оферта – заңды және жеке тұлғаларға Орындаушымен «Ақылы білім беру қызметтерін көрсету туралы жариялы оферта Келісім-шарты» жасасу туралы ұсыныс;
1.1.2. Офертаны қабылдау – Тұтынушының Орындаушымен өзі ұсынатын қызметтерді көрсету үшін хабарласу арқылы Офертаны толық және сөзсіз қабылдауы. Офертаны қабылдау Тараптар арасында Оферта келісімін жасауды білдіреді;
1.1.3. Қызметтердің прайс-парақшасы (баға-парақшасы) – Орындаушы ұсынатын қызметтердің ағымдағы жүйелі тізімі бағаларымен веб-сайтында жарияланған;
1.1.4. Сабақ – оқуға арналған мәтіндік материалдан, бейне сабақтан және сынақ сұрақтардан тұратын сабақ. Келесі сабаққа көшу сынақты сәтті аяқтағаннан кейін автоматты түрде жүзеге асырылады. Әрбір Сабақ Веб-сайтта тәулік бойы онлайн режимінде, яғни Тұтынушы курсты аяқтағанға дейін аптасына жеті күн, тәулігіне 24 сағат қолжетімді;
1.1.5. Тіркеу – Сайтта орналастырылған тіркеу формасын толтыру және ұсыну бойынша Тұтынушының әрекеттері, егер Веб-сайт операторы Тұтынушының тіркелуіне қарсылығы болмаса, оған кіру үшін логин мен парольді тағайындай отырып, Тұтынушының тіркелгісі құрылады;
1.1.6. Веб-сайт – Интернеттегі мына мекенжайда орналасқан онлайн курстарды орналастыруға арналған ақпараттық www.sauat.me ресурс;
1.2 Осы жариялы Офертаның мәтіні Интернетте орналасқан.
2. Негізгі ережелер.
2.1. Келісім-шарт мәтіні жариялы Оферта болып табылады (Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 395-бабының 5-тармағына сәйкес жариялы оферта – Келісім-шарттың барлық маңызды талаптарын қамтитын ұсыныс, одан ұсыныс жасаған адамның еркі осы ұсынысқа жауап беретін кез келген адаммен офертада көрсетілген Келісім-шарт жасасу туралы қорытынын шығарады).
Акцепт – ұсыныс жіберілген адамның оның төлем ақыны қабылдауға және өтеуге туралы жауабы.
Осы жария келісім – офертаны қабылдау бойынша іс-әрекеттер жасай отырып, Тұтынушы өзінің әрекет қабілеттілігімен, сондай-ақ Орындаушымен Келісім-шарттық қатынастарға түсуге заңды құқығын растайды.
Келісім-шарт жасасуға толық және сөзсіз келісім (бұдан әрі – Қабылдау) – www.sauat.me онлайн сайтының қызметтеріне 100% төлеу және/немесе қызмет көрсету Келісім-шартты қабылдау.
2.2. Келісім-шартты қабылдау Тұтынушының осы Офертаның барлық ережелерімен және Келісім-шарттың қосымшаларын жасасуға келісетінін білдіреді.
3. Оферта (ұсыныс) тақырыбы.
3.1. Осы Офертаның тақырыбы Орындаушы Тұтынушыға Келісім-шарттың Онлайн курстардың тізімі және бағаларына сәйкес, www.sauat.me веб-сайтынан ақылы білім беру қызметтерін көрсетеді.
4. Тараптардың құқықтары мен міндеттері.
4.1 Орындаушының құқықтары:
4.1.1 Орындаушы кез келген уақытта Тұтынушымен алдын ала келісімсіз біржақты тәртіпте қызметтердің Бағалар тізімі мен осы Оферта Келісім-шарттарын өзгертуге құқылы, бұл ретте өзгертілген Келісім-шарттарды Интернетте мына www.sauat.me мекенжайда жариялауды қамтамасыз етеді. Өзгертілген Келісім-шарттар жарияланған сәттен бастап күшіне енеді;
4.1.2 Оқу аяқталғаннан кейін және оқуды аяқтағанға дейін, сондай-ақ Тұтынушы Келісім-шарттың кез келген талаптарын бұзған жағдайда және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзгеде негіздер бойынша және Орындаушының жергілікті жарғыларымен ережелеріне сай Келісім-шарт Тұтынушының шегерімі туралы әкімшілік актінде көрсетілген шегерім жасалған күннен бастап бұзылған болып есептеледі. Осы тармақта көрсетілген негіздер бойынша Келісім-шарт бұзылған жағдайда, қызмет көрсету тоқтатылады, құны Тұтынушыға қайтарылмайды;
4.1.3 Онлайн курс бойынша білімді бақылауда Тұтынушының орнына үшінші тұлға тапсырғаны немесе Тұтынушы аралық және қорытынды аттестациядан өту Келісім-шартын басқаша бұзғаны анықталса, Онлайн курсты меңгеру туралы құжат жойылады.
4.2. Орындаушының міндеттері:
4.2.1. Тараптармен келісілген осы Офертаның Келісім-шартына сәйкес Тұтынушыға тиісті түрде қызмет көрсетуге;
4.2.2. Осы Офертаны орындауға байланысты Тұтынушы берген құпия ақпаратты және деректерді жария етпеуге;
4.2.3. Веб-сайтта онлайн курс туралы өзекті ақпаратты, оның ішінде Онлайн курстың мазмұнын, көлемін, құнын және оқыту мерзімін орналастыру;
4.2.4. Тұтынушы Келісім-шарттың талаптарын орындаған жағдайда, Тұтынушыны оқуға студент ретінде тіркеуге;
4.2.5. Тұтынушының Онлайн курсты меңгеруіне қажетті жағдай жасау.
4.3. Тұтынушының құқықтары:
4.3.1. Орындаушыдан осы Офертаның Келісім-шартына сәйкес уақтылы және толық қызметтерді көрсетуін талап ету;
4.3.2. Егер оқуды жалғастыруға ұмтылыс немесе мүмкіндік болмаса, курстың 30%-ның астамына дейін аяқтамай тұрып Орындаушыға хабарлау және оқу құнының қайтарылуын талап ету;
4.4. Тұтынушының міндеттері:
4.4.1 Орындаушыға көрсетілген қызметтердің құнын осы Офертада және Қызметтердің Бағалар тізбесінде белгіленген тәртіпте, мерзімде және көлемде уақтылы және толық төлеуі;
4.4.2. www.sauat.me Веб-сайтында тіркелу кезінде өзі туралы сенімді, толық және нақты ақпарат беруі. Веб-сайтта тіркелу және тесттілеуден өту кезінде Орындаушыны жеке басына қатысты жеке деректерінен жаңылтпау. Тіркеу кезінде көрсетілген ақпаратты жаңартып отыру;
4.4.3. Осы Офертаның орындалуына байланысты Орындаушы ұсынған құпия ақпаратты және басқа деректерді жарияламау, мұндай фактілерді немесе ақпаратты (жалпыға қолжетімді ақпаратты қоспағанда), Сабақ материалдарын қоса алғанда, алдын ала жазбаша хабарламасыз Орындаушының келісімісіз үшінші тарапқа жария етпеу;
4.4.4. Қызметтерді көрсетуді бастау уақытын өз бетінше бақылау, оқу жоспарына сәйкес толық көлемде «Онлайн курс» бағдарламасын меңгеру, оның ішінде Орындаушы белгілеген оқу жүктемесі мен өзіндік жұмыстың белгіленген көлемдерін орындау;
4.4.5. Тіркеу кезінде алынған логин мен парольді үшінші тұлғаларға бермеу;
4.4.6. Логин мен парольді таңдау, бұзу немесе басқа әрекеттер арқылы Веб-сайттағы басқа біреудің есептік жазбасына қол жеткізуге бағытталған әрекеттерді жасамау;
4.4.7. Веб-сайтта әдепсіз сөздер мен оның туындылары бар хабарламаларды жарияламау, сондай-ақ төменде көрсетілген әрекеттерге жол бермеу:
- нәсілдік, этникалық, гендерлік, діни, әлеуметтік белгілері бойынша өшпенділік, кемсітушілікті насихаттау;
- басқа пайдаланушыларды және (немесе) үшінші тұлғаларды қорлау, олардың ар-намысына, қадір-қасиетіне, іскерлік беделіне нұқсан келтіру;
- жеке деректер туралы заңдарды бұзу;
4.4.8. дербес компьютермен немесе Онлайн курс сипаттамасында көрсетілген талаптарға сәйкес келетін басқа құрылғымен және кемінде 10 Мбит/с жылдамдықпен Интернетке шығу мүмкіндігі бар жұмыс орнын өз бетінше ұйымдастыру.
5. Қызмет көрсету тәртібі.
5.1. Тұтынушы Орындаушының ағымдағы бағаларына сүйене отырып, оған қажетті Курстардың санын дербес анықтайды және осы Офертаның 6-бөліміне сәйкес кепілдік төлемін жүзеге асырады;
5.2. Орындаушы Тұтынушы берген ақпаратты банктік шотына қаражат түскеннен кейін тексереді және осы Келісім-шарттың 6.2 тармағына сай Тұтынушыға оқуын бастауға жеке кабинетке кіру мүмкіндігін ашады.
6. Қызметтер үшін төлем.
6.1. Қызметтердің құны бекітілген тарифтер бойынша есептеледі - қызметтердің прейскуранты Веб-сайтта көрсетіледі;
6.2. Осы Оферта бойынша төлем ақысы 100% мөлшерінде төленген кезінде 2 (екі) күннен кешіктірілмей қызмет көрсету жүзеге асырылады.
7. Тараптардың жауапкершілігі.
7.1. Осы Келісім-шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапты болады;
7.2. Тараптар Ұсыныс Келісім-шарттарын орындау процесінде туындаған келіспеушіліктерді келіссөздер арқылы шешу үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды.
8. Келісім-шартты бұзудың негіздері.
8.1. Бұл Келісім-шарт тараптардың келісімі бойынша бұзылуы мүмкін. Тараптардың бірінің бастамасы бойынша Келісім-шарт Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген негіздер бойынша бұзылуы мүмкін.
9. Осы Келісім-шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілік
9.1. Тараптар осы Келісім-шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда, олар азаматтық заңнамада және тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамада (егер тараптардың құқықтық қатынастарына қатысты болса) осы заңнамада белгіленген жағдайларда жауапты болады.
10. Келісім-шарттың қолданылу мерзімі, оны өзгерту немесе бұзу тәртібі.
10.1. Келісім-шарт Тұтынушы Орындаушының жариялы офертасын қабылдаған сәттен бастап жасалған болып есептеледі және тараптар Келісім-шарт бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін жарамды;
10.2. Келісім-шарт Қазақстан Республикасының заңнамасында және Келісім-шартта көзделген негіздер бойынша өзгертілуі немесе бұзылуы мүмкін.